Take a fresh look at your lifestyle.

Тәжікстанда зейнеткер қажылыққа жинаған ақшасына көпір салып берді

0 132

68-жастағы Райхонпочо Охунова Зарафшон өзенінде көпір салды. Ол қажылыққа барамын деп жинаған барлық қаражатына көпір тұрғызған, деп хабарлайды Sunna.kz порталы “SN” сайтына сілтеме жасай отырып. 

Зарафшон өзенінің жағасында ауыл көп. Өзеннен өту үшін тұрғындар ағаш көпірді қолданатын. Кейін автокөлік жүре алатындай заманауи көпір пайда болды. Уақыт өте ол көпір пайдаға аспай қалған.

“Көпір апаттық жағдайда тұрды, адамдар қорқа-қорқа әрең өтетін. Жөндеу немесе реконструкция жасау да мүмкін емес болатын”, – дейді Райхонпочо Охунова. 

Билік апатты көпірді жөндеуге құлық танытпай отырғандықтан, зейнеткер мәселені өз қолына алуға бекінген. Ол Меккеге қажылыққа бару үшін жинаған қаражатына көпір салуды ұйғарған. 

Осылайша, зейнеткердің арқасында бес ауылды жалғайтын көпір пайда болды.

Ресми дерек бойынша, Зарафшон өзенінде соңғы жылдары жеті көпір салынды, оны көбіне жергілікті тұрғындар өз қаражаттарына тұрғызған. 

Фото - Фото -

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.