Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАДІР ТҮНІ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

0 510

11-маусым. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мың айдан қайырлы болған Қадір түнініне орай, дайындық жұмыстары жүрілуде.

ҚМДБ-ның Астана бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, Елордадағы ауызашар берудің қарашаңырақтарының біріне айналған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті айлар мен күндерде, әсіресе, Рамазан айында ауызашар мен сәресі беру жыл сайын жүйелі түрде атқарылып келеді. 

Рамазан айында бір ай бойы ауыз бекіткен мешіт жамағаты мен жолаушы азаматтарға дастарқан жайып ауыз аштыру, сәресі беру – дәстүрлі үрдіс болып қалыптасты. 

Бүгін де мың айдан қайырлы Қадір түнінің құрметіне орай, сағат Елорда жұртшылығына «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында 500 жамағатқа арналған ауызашар дастарқан жайылмақ.

Ауызашар аяқталған соң мешітімізде арнайы Қадір түніне арналған іс-шаралар бағдарламасы басталады. Яғни, Тарауық намазында Құран Хатым толық аяқталып, Бас имам Жұманазар қари Өсерханұлының қатысуымен Хатым дұғасы оқылады. Сондай-ақ мешітіміздің наиб имамы, исламтанушы Бағзат Ақжол Қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз айтады. Және мешітке жиналған жамағат еркін ғибадат-құлшылық жасамақ. Сонымен қатар, мешіт маңында Қадір түнінің құрметіне орай, 4 мың адамға сәресі беріледі.

Мешіт ауласы, айналасы қалалық әкімшіліктің қолдауымен, тәртіп сақшылары, өрт сөндіру, жедел жәрдем т.б. арнайы қызметкерлердің қырағы қадағалауымен, мешіттегі қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.