Take a fresh look at your lifestyle.

Әйел жамағаты Құранды хатым жасады

0 158

11-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Әйел жамағатына арналған сауат ашу курсының шәкірттері Құран Хатым дұғасын жасады. 

Рамазан – Құран айы. Бұл ай құлшылыққа аса ерекше көңіл бөліп, мұсылман баласы өзін рухани тұрғыда дамытып, жетілдіретін уақыт. Алла тағала бұл айда адам баласына Құран-кәрімді түсірді: «Рамазан айы – адамдар үшін тура жол көрсететін, жақсылық-жамандықты айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» (Бақара, 185). Міне, осыған байланысты, Ислам ғалымдары бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәрімге көбірек көңіл бөлуді айрықша айтқан.

Бұл айда көбірек Құран оқу, қасиетті кітапты бастан-аяқ оқып Хатым жасау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Сондықтан да, мешіт шәкірттері осы айда Құран Хатым жасауды жыл сайынғы үрдіске айналдырған болатын.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағаты Рамазан айының тууымен Құран Хатым бастаған еді. Мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырхановтың бастамасымен курс шәкірттері Құран Кәрімді толық оқып шығып, Хатым дұғасын жасады. Атамлыш игі шараға наиб имам Әділ Агитаев қатысып, хатым дұғасын оқыды.

Іс-шараға жиналған шәкірт-аналар еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, халқымыздың береке-бірлігін тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.