Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қасиетті кеште Хатым дұғасы оқылды (ФОТО)

0 1  836

12-маусым. Астана. Sunna.kz  – Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде мешітімізде Хатым дұғасы оқылды

Екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз – Мұхаммед саллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің сүннетіне сай Рамазан айындағы жамағатпен оқылатын Тарауық намазында Құран Кәрімді хатым ету – ел мешіттерінде үрдіске айналған игі істердің бірі.

Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша, Рамазан айының басынан бері күнделікті Тарауық намаздарында Құран хатым оқылып келген болатын. Хатымды мешітіміздің Бас имамы, елімізге белгілі қари Жұманазар Садырханов және наиб имам Бағзат Ағжолмен бірге, «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, жас қари Қайырбай Дәукенұлы оқыды.

Бүгін қасиетті Қадір түніндегі Тарауық намазында Құран Кәрімнің 30-парасындағы қысқа сүрелер оқылып, мешітке жиналған жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Бас имам Жұманазар қари   Өсерханұлы жиналған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті һәм бұл түнді қалай өткізу керектігі жөнінде тағылымды уағыз айтты. Және хатым дұғасын оқып, Жаратқаннан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бақ-береке, азаматтарымызға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, егемендігіміздің Қияметке дейін жалғаса беруін тіледі. Қасиетті Құранның қақысы – мұсылманның көзмайы (көзжасы) деген даналық сөздің тағы бір айғы – Құранды хатым еткен имамдарымыз, Алладан шын жүректен дұға тіледі. Тіптен имамдарымыз еріксіз көзге жас алған сәттерде болды.

Қасиетті түнді қарсы алуға келген Елорда тұрғындары қариларға деген ризашылығын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.