Take a fresh look at your lifestyle.

Ақсақалдар Құран хатым жасады (Фото)

0 116

14-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақал шәкірттер тобы қасиетті Рамазан айына орай Құран хатым түсірді.

Рамазан айында Алланың кәләмі – Құран Кәрімді бастан аяқ оқып шығу – сауабы мол сүннет амалға жатады. Құран оқу мұсылмандар үшін ең игі ғибадат-амалдардың бірі. Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде Рамазан айында Құран Хатым жасау үрдісімен қатар, мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттерінің де Құран хатым жасау жыл сайынғы дәстүрге айналған игі шара. Түркия елінен келген Б.Фатих ұстаздың қатысуымен, мешітімізде діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген ақсақалды қариялар қасиетті Құранды толық хатым жасап, отыз күнгі оразадан кейінгі келген Айт мейрамы қарсаңында хатым дұғасын жасады. Ақсақалдар еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тыныштығы үшін өмірін берген ғазиз жандардың, өмірден өткен барша мұсылмандардың рухына арнайы Құран сауабын бағыштады. Алладан елімізге амандық, халқымызға мол ырыс-несібе, жерімізге тыныштық тіледі. Сондай-ақ, Рамазан ай бойы хатым өткеруге ұстаздық жасап келе жатқан имамдар мен ұстаздарға ақ батасын беріп, ризалықтарын білдірді. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.