Take a fresh look at your lifestyle.

МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ МЕН ҰСТАЗДАР ҰЖЫМДЫҚ СЕРУЕНГЕ ШЫҒЫП ҚАЙТТЫ (ФОТО)

0 588

15-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Жамағаттың ауызбірлігін нығайту мақсатында, «С.Ғылмани» мешітінің шәкірттері мен мешіт ұжымының ұйымдастыруымен 150-ге жуық адам серуенге шығып қайтты.

Айттың үшінгі күні кешегі жексенбі Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің шәкірттері үшін ерекше күндердің бірі болды. Айт мейрамына орай ұйымдастырылған ұжымдық серуен шәкірттер қауымын ынтымаққа ұйыстырып, бірлігін бекемдей түсті. Қала сыртындағы демалыс орында бас қосқан мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осылайша жексенбі күнін тағылымға толы өткізіп, тынығып қайтты.
Шәкірттердің бір-бірімен етене танысып, жақынырақ араласуына жол ашқан ұжымдық демалыс спорттық сайыстармен әрленіп, тынығумен бірге шынығу жағын шыңдады. Әр ұстаздың шәкірттерінен жасақталған топтар арасында футбол, волейбол, қызыл ту, арқан тартыс, гір көтеру секілді жарыстар өткізіліп, өзара күш таластырды.

Бір үйдің баласындай бірлік танытып, бірлесе жүріп тамақ та дайындап, жарысқа да қатысып үлгерген шәкірттер үшін табиғат аясында сап түзеп, жамағатпен оқылған намаздың ерекше әсерлі болғаны сөзсіз. Намаздан соң жамағатқа «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың уағызы да ұжымдық демалыстың тағылымын арттыра түсті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.