Take a fresh look at your lifestyle.

«ИМАНИ ЖАЗ – 2018» КУРСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ СЕРТИФИКАТ АЛДЫ (ФОТО)

0 377

20-маусымАстана. Sunna.kz – Бүгін Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Имани жаз – 2018» атты жазғы діни сауат ашу курсын тамамдаған 130 оқушы арнайы сертификат алды. 

Жылдағы үрдіске сай, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, бас имам Жұманазар Садырхановтың мұрындық болуымен, жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларына діни сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, мешітімізде өткізілген «Имани жаз – 2018» жаздық сауат ашу курсы ай бойы дәріс өткізіп, мектеп жасындағы оқушыларға имани-рухани тәрбие берді. Курс аясында бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, мәдени-рухани шараларға, әр түрлі жарыстарға да қатысты. Былтырғы жылғы жиналған шәкірттер саны 120 болса, биыл 130-ға жуық шәкірт арнайы сертификатқа ие болды. Олар 17-мамырдан – 11-маусым аралығында, қасиетті Рамазан айында жазғы діни сауат ашу дәрісі барысында арабша хат танып, Құран оқуды үйренді. Имандылық әліппесін меңгеріп, қысқа сүрелер мен Алланың 99 көркем есімін жаттап шықты.

Сондай-ақ, күнделікті өмірімізге қажетті дұғалар мен тәрбиелік мәні зор ғибратты өнегелерді, пайғамбарымыздың өсиеттерін үйренді. Жалпы Ислам дінінен хабардар болды. Аталмыш шара барысында, наиб имам Бағзат Ағжол және білікті ұстаз Серікбол Хаманұлы білдіршіндерге білім алуыдың артықшылығы һәм тәрбиелі оқушы болу жайында бүлдіршіндерге арнап уағыз-насихат айтты.

 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.