Take a fresh look at your lifestyle.

ИМАННЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН МҮМІННІҢ СИПАТТАРЫ

0 9  941

Иманның шарттары мен мүміннің сипаттары туралы Расулулланың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде:

«Сендердің ешқайсыларың өзі үшін жақсы көрген нәрсені, басқа бауыры үшін де жақсы көрмейінше, шынайы мүмін бола алмайды», – деген.

«Бір күні Расулулла (с.ғ.с.) сахабаларға қарап: «Сендер мүмінсіңдер ме?», – деп сұрады. Сонда барша сахабалар тынышталып, үнсіз қалды. Тек хазреті Омар (р.а.): «Иә, Алланың елшісі! Біз мүмінбіз», – деп жауап берді. Расулулла (с.ғ.с.): «Имандарыңыздың белгісі не?», – деп сұрады. Хазреті Омар (р.а.): «Жақсылыққа шүкір, қиыншылыққа сабыр етеміз, тағдырға разымыз», – деді. Сонда Расулулла (с.ғ.с.): «Қағбаның Раббысына ант етемін! Сендер мүмін екенсіңдер!», – деді», – делінеді бір хадисте.

Әбу Шұрайыхтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Расулулла (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, тек қана жақсылықты сөйлесін немесе үндемесін».

Демек, көршілерге жақсылық жасап, зиян тигізбеу, үйге келген конаққа құрмет көрсету, дұрыс пайдалы сөз сөйлеу – иманның белгілерінен және мүміннің сипаттарынан.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.