Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қоянды ауылында жаңа имам

0 1  607
Бүгінде Астананың іргесіндегі елді мекендер күрт өсіп, тұрғындар саны да көбейе түсуде. Мұндағы имани насихат та жандана түскен жайы бар. Жақында Бас мүфтидің бұйрығымен Қоянды ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит қасиетті жұма күні жергілікті жамағатпен кездесіп, оларға жаңа имамды таныстырды. Бұл қызметке тағайындалған Ақжан Ділдаханов “Нұр Мүбәрәк” ислам университетінің биылғы жылғы түлегі. Ол бұл оқу орнының алдында “Әбу Ханифа” медресесін бітірген еді. Жоғары білімді маман халқы көп іргелі ауылда діни қызметті атқаратын болады.
Ал, осы уақытқа дейін аталған ауыл мешітінде имамдық еткен Жәнібек Заманбекке жергілікті жамағат иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Облыс имамы Қуаныш Сәбит елдің атынан зор ризашылық білдіре келіп, Наиб мүфти Бауыржан Есмаханның Алғыс хатын табыс етті.
Жаңа имамдық қызметке тағайындалған Ақжан Ділдахановтың иығына да шапан жауып, жаңа қадамы жақсылықтан басталсын деген тілектерін жолдады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.