Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда имамдарына арналған семинар өтті (ФОТО)

0 1  491
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарына арналған «Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты семинар болып өтті, – деп хабарлайды республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларының зерттеу орталығы ұйымдастырған семинар жұмысына Астана қаласындағы сегіз мешіт имамдары мен діни қызметкерлер қатысып, аталмыш тақырып бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінгі таңда халық бірлігіне сызат түсіруге талпынып, имандылық жолын іздеген албырт жастарды шырмап алған діни ағымдармен күрес шаралары, олардан жастарды қайтару жолдары талқыланып, орталық мамандарының баяндамалары тыңдалды.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.