Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ АСТАНАДА СЕНАТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 117
Бүгін Парламент Сенатының депутаттары – Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы Бас кеңсесінде болды, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Депутаттар Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы ананың рөлі, жастардың ар-намысын ояту, жаназа, құдайы ас рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу, имамдарды әлеуметтік қолдау, жас мамандарды оқыту, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты.

«Қоғамды жақсылықа үндеп, халықты бірлік пен игілікке ұйыту – әр салада әртүрлі қызметте жүрген азаматтардың ортақ мүддесі. Бәріміздің мүддеміз бір болған соң бір-біріміздің бастамамызды қолдап, ықпалдасып, ынтымақтасып ел игілігіне қызмет етсек болашағымыз бұдан да баянды болатынына сенімдемін. Сіздердің де қоғамда алар орындарыңыз үлкен», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде сөз алған Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев жаназа, құдайы ас, жаназа рәсімінде ысырапқа жол бермеу туралы мүфтияттың үндеуін қолдайтынын мәлімдеді.

Кездесу соңында Бас мүфти мәртебелі меймандарға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.