Take a fresh look at your lifestyle.

ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ ЖАҢА БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН ТҰРАҚТЫ ДӘРІС АЛАДЫ (ФОТО)

0 158

6-қыркүйек. Астана. SUNNA.KZ – «С.Ғылмани» мешітінде білікті ұстаз Айгүл Көксегенқызы «білім алудың маңыздылығы» тақырыбында әйелдер жамағатына уағыз айтты.

Астана қаласының Өкіл имамы Асқар Мұқановтың бастамасымен, «С.Ғылмани» мешітіндегі әйел жамағатының діни қызметтерін жандандыра түсуге және аталмыш мешіттегі жат ағым мәселесімен белсенді жұмыс істеу мақсатында білікті ұстаз Айгүл Көксегенқызын ұстаздық қызметке тағайындады.

Жаңа қызметке кіріскен ұстаз алғашқы дәрістерін бастап та кетті. Алда Бас имам Жұманазар Садырхановтың бекіткен уағыз және дәрістер кестесі бойынша, дәрістер тұрақты түрде жүріліп тұратын болады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.