Take a fresh look at your lifestyle.

АРМАНДЫ ТЫҢДАҒАНДА АРМАНДА ТЫҢДАМАҒАНДА АРМАНДА… (фото)

0 1  363

ҚМДБ Астана Өкілдігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітініде ҚМДБ «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры, елімізге белгілі ұстаз, исламтанушы Арман Қуанышбаевпен келелі кездесу болды. Айтылмыш игі жиында ұстаз «Алланың назарыннан ешнәрсе тыс қалмайды» атты терең де тағылымды уағыз-назихат айтты. Уағыз тыңдаушылардың қарасы бұрынғы кездесулермен салыстырғанда анағұрлым көп болды. Тіптен үлкен ғибадатзалына симаған жамағат екі сағатқа жуық тікесінен тік тұрып уағызға ұйыды. Жиналған жамағат арасынан түйткілді сұрақтар қойылды. Әр сұраққа ұстаз тұщымды жауап беріп, жамағат көңілінен шықты.

«Кішкентай кезімде бір күні әкеммен бірге келе жаттым. Түркістан қаласы болатын. Сосын әкемнен күмбезді кесенені нұсқап: «әке анау немене?» деп сұрадым. Сонда әкем ақырын құлағыма сыбырлап: «ақырын балам» деді… Кешегі Кеңестік кезеңде ондай (ұлттық, тарихи) нәрселер туралы ашық, айқайлап айтпайтын уақыт еді. Ол адамнан қорқатын, құдайсыз қоғам ғой. Ортамызда сол заманды бастан кешірген адамдар да отырған шығар. Сонда сол кезде «ақырын сөйлейді», себебі  жоғарыдан қорқатын. Ал біздің екі иғымызда күн сайын не істеп жатқанымызды жазып отырған екі періште барын біле тұра неге құдайдан қорықпаймыз? Құдай бізге қанымыздан да жақын…», – дейді, ұстаз Арман Қуанышбаев. (Уағыздың толық видеонұсқасын алда сайтымыздан көре аласыздар).

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.