Take a fresh look at your lifestyle.

ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0 348

Асқар Сабдин Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшылығына тағайындалды, – деп хабарлайды Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі.

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев оқу орын жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директорын тағайындады. Бұл жауапкершілік осы экстремизмге қарсы салада тәжірибесі мол, білімді де білікті теолог, докторант Асқар Сабдинге жүктелді.

Асқар Кәлімжанұлы, еліміздегі экстермизмге қарсы саланы жіті меңгерген бірегей маман. Сондықтан елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен осыдан тура екі жыл бұрын ашылған университет жанындағы институттың жұмысын жаңа қарқында дамытып, жандандырады деген сеніміміз жоғары, – деп проректор Қайрат Құрманбаев өз сенімін білдірді.

Асқар Сабдин – Стамбул қаласындағы (Түркия) «Умрания» медресесінде  ислам теологиясы бойынша білім алған. Елімізде халықаралық құқық бойынша білім алып, Нұр-Мүбарак университетінің магистратурасын тәмамдап, қазір докторантура бөлімінде ғылыми бағытта ізденуде. Ал еңбек жолына келсек, Мәскеу Собор мешітінде, Мәскеу Ислам колледжінде, Мәскеудің оңтүстік-шығыс округінің «Кәусар» діни қауымында   ислам пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 2002-2003 жылдары Волгоград қаласындағы Орталық мешіттің имам-хатыбы, ал 1999 – 2010 жылдар аралығында Islam.ru ақпараттық порталы және «Ансар» баспа үйінің ханафит мәзһабаның  канондық редакторы (Мәскеу қаласы) қызметін атқарған. Ал 2011 жылдың қазан айынан 2016 жылдың наурызына дейін Ақтөбе облысында дәстүрлі емес діни ағымдар саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысып, «Аңсар» консультативтік-оңалту орталығының директоры қызметін атқарды. Яғни экстермизге қарсы тәлім-тәжірибесі мол бірегей маман.     

Университет жанындағы институтты осы кезге дейін PhD, доцент Қайрат Құрманбаев басқарған болатын. Институт жылына екі рет еліміздің түкпір-түкпірінен бір ауысымда  25-30 шақты имамдарға 2 айдай экстремизмге қарсы маңызды дәріс-семинарлар ұйымдастырып, біліктілігін жетілдіріп келеді. Мемлекет үшін аса маңызды институттың енді жаңа басшымен жаңа серпін алады деген үміт мол.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.