Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ ТАҒЫ БІР БІЛІКТІ ИМАММЕН ТОЛЫҚТЫ (ФОТО)

0 2  847

 19-қазан. Астана. /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ-нің төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, дінтанушы Рахматулла Байменов Ақмола облыстық «Науан Хазрет» атындағы мешіттің наиб имамы қызметінен босатылып, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов жұма уағызынан кейін, жамағатқа жаңа білікті маманды таныстырып өтті. Атамылыш шарада имам, Бас мүфтидің бұйрық хатын оқып, имамға дін жолындағы жаңа қызметіне ақ жол тіледі. Сондай-ақ, қасиетті жұма намазынан кейін, мешіт ақсақалы Төлеген ата дін саласына осындай тәжірибесі мол, білікті мамандардың көбірек орналасуы – игілікті іс екенін айта келіп, сөз соңында ақсақал жаңа имамға ақжарма батасын берді.

БАЙМЕНОВ РАХМАТУЛЛА ОРАЗҰЛЫ, имам-хатиб, заңгер, дінтанушы.

1973 жылы 30 қаңтарда  ОҚО , Келес ауд., 40-жылдық совхозында туған.

1990-1991 ж.ж.  Шымкент қаласындағы «Қошқар Ата» мешітінде сауат ашу курсы;

1991-1993 ж.ж. Ташкент қ.  «Имам Бухари» институты;

1994-1996 ж.ж.  Алматы қ.  ҚМДБ жанындағы Ислам институты;

2002-2007 ж.ж.  Көкшетау қ.  А.Мырзахметов атындағы университет, Құқықтану факультеті (бакалавр);

2004 жылы ҚМДБ-мен Түркия дін істері басқармасының келісімімен Стамбул қаласындағы «Хасеки» оқу орнында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсын аяқтаған.

2016 ж.-қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Исламтану факультеті, Дінтану бөлімі (Екінші жоғары білім).

Еңбек жолы:

1993-1994 ж.ж.  ОҚО, Мақтарал ауд. Алғабас ауылы, №6-орта мектеп, Араб графикасы және тілі пәні мұғалімі;

1996-1999 ж.ж.  Көкшетау  қ.  «Ғалым» атындағы мешіттің  бас имамы, ҚМДБ өкілі;

1999-2009ж.ж.  ҚМДБ-ның  Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Көкшетау қаласындағы  «Науан Хазірет» атындағы мешіттің бас имамы;

2010-2012 ж.ж.  Астана қ. «Төлебай» мешітінің наиб имамы;    

2013 ж.-қазіргі уақытта  Көкшетау қ. Ақмола облыстық  «Науан Хазірет» атындағы мешіттің наиб имамы қатарлы діни қызметтерді атқарып келген. барлығы 21 жыл үздіксіз дін саласында қызмет етіп келеді.

Үйленген, 5 баласы бар.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөзқызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.