Take a fresh look at your lifestyle.

Астана: Қазақ күресінен Республикалық V турнирінен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

0 36
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазақ күресінен жылда өтетін дәстүрлі дода биыл Астана қаласының 20 жылдығына сәйкес келіп отыр. Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін осынау шараға барша ұлттық спорт жанашырлары мен спортсүйер қауымды қазан айының 28-де «Дәулет» спорт кешеніне шақырамыз. Басталар уақыты сағат 11:00.

Шаршы кілем үстінде Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Руслан Абдуразақ бастаған Азия чемпионы, «Қазақ барысының» жүлдегерлері мен аймақ жеңімпаздары күш сынасады.

Еліміздің 19 өңірінен келетін 42 балуанды қолдауға қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, «Қазақ барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев және айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, әнші Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Қуандық Рақым келеді.

Балуандардың шеберлігін тамашалау үшін билеттерді topticket.kz сайтынан ала аласыздар. Сондай-ақ, Керуен, Керуен сити ойын-сауық орталығының, Жастар сарайы мен Конгресс-Холл кассаларынан сатып алуға болады.  

Билеттен түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету, науқас балаларды емдету үшін қайырымдылық мақсатта жұмсалады.

 ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.