Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

0 1  551

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде діни білімдерін жетілдіріп жатқан шәкірттер (қыз-келіншектер) және әйел жамағатының қатысуымен, қалалық №80-мектеп-гимназиясының спорт залында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты эстафеталық жарыстан турнир өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті, бауырмалдылықты сақтау және саламатты өмір салтын қалыптастыру. «Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлы» деген өсиет сөзді  өнеге тұтқан «С.Ғылмани» мешітінің оқу-ағарту жұмыстарын жүзге асырып келе жатқан ұстаздардың берік ұстанымдарының бірі.

Шараға Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының психологы Лимана Қойшиева және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамы Бағзат Ақжол қатарлы білікті мамандар қатысып, спорттық шараның басында салиқалы сөз сөйледі.

Аталмыш жарыста «таяқшамен жүгіру», «обручпен допты алып жүгіру», «ұр тоқпақ», «допты кедергілер арасынан алып жүгіру» секілді аталымдары бойынша барлығы 8 құрама өзара жарысқа түсті.

Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командалар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

     «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.