Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана мешіттерінде 1 200 жанға «Қайырымдылық дастарханы» жайылды (ФОТО)

0 1  673

Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай бүгін Астана мешіттерінде «Қайырымдылық дастарханы» жайылып, Елордамыздағы мұқтаж отбасылар құлшылық ордаларында қонақ болып қайтты. ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі мен «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Төлебай» және «Әс-Сәлам» мешіттерінде бір мезгілде басталып, жалпы саны 1 200 жанды қамтыды. Демеуші азаматтардың қаржылай қолдауымен және ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілдігі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан игі бастама аясында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі «Қайырымдылық дастарханынан» 300-ге жуық адам дәм татып, мейман болып қайтты.

«Қайырымдылық дастарханына» жиылған жамағатты Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов өзі қарсы алып, Мәуліт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып, демеушілік танытқан азаматтарға алғысын білдірді. Және бұл игі шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде Астана мешіттерінде тұрақты өткізіліп тұратыдығын жеткізді. Қасиетті Құран аяттарымен басталған берекелі дастархан басында наиб имам Бағзат Ақжол қайырымдылық және Алланың адамзатқа берген айырықша нығыметтері жайлы тағылымды уағыз айтты.

Астана мешіттері атынан жайылған бүгінгі дастарханға дән риза болған жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.