Take a fresh look at your lifestyle.

ҰСТАЗ МЕХМЕТ ФАТИХ ГҮНЕШ: «БАЛАЛАР – ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с) ӨНЕГЕСІМЕН ӨСУ ЛӘЗІМ»

0 152

22-қараша. Астана. SUNNA.KZ – Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның туған айы Мәуліт мерекесінің құрметіне, ҚМДБ ұйғарымымен тәжірибе алмасу мақсатында келген «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Мехмет Фатих Гүнеш мырза «Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік» атты  тақырыпта уағыз айтты.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында, уағыз-насихат жұмыстарын дамыта түсу мақсатында әр сәрсенбі күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, мешітімізде тұрақты түрде елімізге белгілі исламтанушылар және дінтанушы ғалымдармен кездесу өткізіліп келеді. 

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Сәрсенбі уағызы», елімізге белгілі, түрлі халықаралық құран жарыстарының жүлдегері Қайырбай қари Дәукенұлы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арнап жасалған Мәуліт дұғасын басталды. Түрік тілінде жүргізілген уағыздың қазақшаға аудармасын мешітіміздің наиб имамы Бағзат Ақжол Фатих ұстаз тікелей тәржімлап отырды. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа демеуші азаматтардың көмегімен дастархан жайылды. 

Аталмшы уағыз барысында: «Сіз балаңызға қымбат смартфон алып беріп, қолына ұстатып қойдыңыз. Немесе үйге көп каналды теледидар орнаттыңызда, балаларыңызды алдына отырғызып қойдыңыз. Сіз ойлайсыз мен балаларымды тәрбиелеп жатырмын, ата-аналық парызым отырналып жатыр деп. Жоқ, сіз қатты қателесесіз. Оған, сіз кішкентай кезден Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен өсиеттерді үйретуіңіз керек. Сонда, сіз жақсы ата-анасыз…», – деді  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Мехмет Фатих Гүнеш.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.