Take a fresh look at your lifestyle.

Тағдыр – алақаныңдағы көбелек…

0 6  924

(Шығыс әдебиетіне тән қысқаша ғибыратты әңгіме)

Ертеде өте білімді екі қыз өмір сүріпті. Білім нәріне тоймай айналасындағы барлық атақты білгірлердең дәрістерін тәмамдап, бір күні басқа аймақтарға білім алуға сапарға шығады.

Олар ең мықты білімдар адамды тауып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоя бастайды. Білімдар адамнан барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алған апалы-сіңілі екеуі білімдерін жетілдіре түседі.

Барлық сұрақтарына дұрыс жауап беретін білгірден оңай жауапқа іштері пысып, жалығады. «Білгірдің жауап бере алмайтын бір сұрағы болу керек» деп апалы-сіңілінің бірі екіншісіне ой тастайды.  Көбірек ойланған бірі «мен таптым» дейді. «Алақанымда бір көбелк бар, өлі ме, әлде тірі ме деп сұрймын, егер өлі десе көбелекті жәй ғана босата саламын. Ал, тірі десе, жұдырғымды білдірмей жұма саламын» дейді. Ойласа келе білгірдің құзырына барып, жұмулы жұдырығын көрсетіп сұрағын қояды:

– Менің алақанымдағы көбелек өлі ме, әлде тірі ме?

Білімдар адам қыздың көзіне қарап тұрып:

– Сенің қолыңда, қызым, сенің қолыңда… Қамшының сабындый қысқа ғұмырда жақсылық пен жамандық, арамдық пен адалдық, бақыт пен қайғы алақаныңдағы көбелек секілді бәрі сенің қолыңда… – депті.

Дайындаған: Ғалымжан Тәжібай,

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.