Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘРТЕБЕЛІ МӘУЛІТТІ АТАП ӨТТІ(ФОТО)

0 1  779

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті әйел жамағатына арналған Мәуліт мерекесі өткізілді.

Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммедтің (ﷺ) әлемді нұрға бөленен түні «Мәуліт айы» ретінде тойланады.

Бүгін Астана қаласындағы «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағатына арналған ««Үмметіне үлгі болған Мұхаммед (ﷺ)» атты мерекелік шара болып өтті. «Аналар мектебі»  әйелдер клубының ұйымдастыруымен жүзеге асқан мерейлі мерекеге 150-ден астам нәзікжанды жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Мерекелік шараны қасиетті Құран аяттарын оқуымен бастан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы жалғастыра келе, ардақты Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен сыр шертетін естеліктер айтып, жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады.

Айтулы шараға арнайы шақырылған қоғам қайраткері Оразкүл Асанқазықызы, қазақ тарихындағы асыл аналарымыздың қоғамдағы рөлі жайында өнегелі сөз қозғаса, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы, әйелдер қауымына Мәуліт мерекесінің ерекшеліктерін айтты. Сондай-ақ мерекелі шараға мешіт имамдары мен қызметкерлері қатысты.

Рухани кештің бағдарламасы аясында арнайы Мәуліт Шәрифты бас имам Жұманазар Садырханов оқыса, қазақша мәуліт жырын Арман Ғабдуллин оқыды. Сонымен бірге, арнаулы қонақтар мен ақжаулықты аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асырды. Мерекелік шара аясында 150 адамға мерекелік дастархан жайылды.

Шара соңында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Әлия Аусағатова сөз алып, сауапты шараға атсалысқан барша мұсылман бауырларға алғысын білдірді. Мерекелі шараның қадірлі қонақтары мен жамағатына сыйлықтар (ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен кітаптар және жайнамаз т.б) үлестірілді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.