Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ЖАМАҒАТ БЕРЕКЕСІ (ФОТО)

0 4  806

Астана. 2-сәуір. /Sunna.kz/ – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде шығыс халықтарының және ұлтымыздың төл мейрамы Әз-Наурыз мерекесіне орай, бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұлыстың ұлы күнін тамашалауға лек-легімен келген  қалың қауым «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінінің ауласына тігілген алты қанат ақбоз үйге жиналып, наурыз көжеден дәм татты.

Аталмаш шара барысында Бас имам Жұманазар Садырханов жамағатты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әз-Наурыз мейраманың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Ақсақал қариялар бата жасап, елімізге тыныштық, бейбітшілік тіледі. Шараның соңы ұлттық ойындармен жалғасты.

Жылдағы үрдіс бойынша, асыл дінімізде саламатты өмір салтын жоққа шығармайтындығын жұртшылыққа насихаттай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру мақсатында – «асық ату», «арқан тарту», «гир көтеру», «қол күрес» секілді бірқатар ұлттық спорт түрлерінен жамағат арасында сайыстар өтізілді.

Өткізілген іс-шараға мешіт қызметкерлері, жамағат және әуесқой спортшылар қатысып ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынастты.

Бесін намазынан кейін басталған мерекелік шара барысындағы жарыстың нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын алған жүлдегерлер арнаулы сыйлықтармен марапатталды.

(Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айының дайындығы барысында мешіт сайтына бір-шама өңдеулер мен толықтырулар еңгізілген болатын. Сондықтан да кейбір материалдар мерзіменен сәл кешігіп жарияланып жатқан жайы бар).

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.