Take a fresh look at your lifestyle.

Наиб мүфти Сыр имамдарына семинар өткізді

0 335

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Әділбаев Алау мырза Сыр имамдарымен кездесті. Облыстық Мәуліт кешінен соң «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында қала және аудан мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен  семинар болды.

Семинар барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы мәуліт мерекесімен құттықтай келе, пайғамбар өмірінен үлгі-өнеге аларлық мысалдарға сүйене отырып, үнемі ізденіс үстінде жүретін, көркем мінезділік пен көрегенділікті бойына сіңірген, бірнеше ғылым мен технологияны меңгерген, жамағатты бірлікке шақырушы, қоғамда ойып алар орны бар тұлғаға айналу – имамның өмірлік мақсаттарының бірі болу керектігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, көпшілікке уағыз-насихат айтудың қыр-сырларына тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтауда жауапкершілігі мол имамдық қызметті абыроймен атқарып жүрген имамдарды алғыс хатпен марапаттады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.