Take a fresh look at your lifestyle.

WhatsApp арқылы жәннәтқа кіруге бола ма?

0 7  460

Барлығымыздың ұялы телефонымыздағы WhatsApp бағдарламасына  осы сарынды хаттар келіп түскен болар. «Осы хатты соңына дейін оқып шығып, тез арада өзің білетін он адамға тарат. 10 кісіге осы хатты жіберсең 15 минуттың ішінде Алла саған өз сыилығын жібереді. Сенен асқан бақытты адам болмайды. Ал егер таратпасаң, қайғы-қасірет шегіп, бақытсыздыққа ұшырайсың…» деген сықылды адамның психологиясына кері әсер ететін смс-хабарламалар еркін таратылып жүр.

 Осы сияқты дінді насихаттауды бұйырған сан алуан мазмұнда смс-хабарламалар қайдан келіп, кімдердің жобасына қызмет етіп жатқандығын білеміз бе? Қандай мақсатпен жіберілген. Қай мемлекеттің немесе ұйымның арам пыиғылды жоспары екенін білеміз бе? Күнделікті қолымыздан тастамайның біздің «он үшінші мүшеміз» сияқты сезінетін смартфондарымызға келетін хаттар жайлы аз-кем ой толғауды сіздерге ұсынып отырмыз.

Бұл хаттардың түп төркіні қайда жатыр. Израил мемлекетінің астанасы Телавивде жарияланатын «Нейвис» басылымында жарияланған мақалаға назар аударайық. «Ислам дінінің мәрсетебіс қалай төмендетеміз және діндерін қалай басқарамыз»  атта мақаланың авторы Израилде дін саласының жетекші маманы Хенри Луирс былай дейді: «Біздің WhatsApp жүйесі арқылы күндіз түні тынбай жұмыс жасайтын көмекшілеріміз бар. Бұл көмекшілеріміз Ислам дінін адамдарға пайдасыз әрі сенімсіз дін екендігіне сендіру мақсатында еңбек етіп келеді. Біз арапша, парысша, түрікше, қазақша яғни мұсылман елдерінің тілінде жазылған хаттар дайындаймыз. Бұл хаттарда қасиетті құранның аяттарын, сахих хадистер мен мұсылман әлеміндегі ғалымдардың сөзденін үзінділер жазып, соңына осы хатты бір сағат ішінде 10 адамға жібер деп қосымыз. Егер осы хатты он адамға жіберсең Алла саған бір сыи жібереді. Мен он адамға жіберіп Алланың жіберген сыин алдым; деген сыңды мәтіндер дайындалады. Осы хатты он адамға бірден жіберу өте оңай екенін белгілі. Мақсатты түрде өте аз уақыт мерзімін белгілеп таратасыз. Өте қысқа уақытты белгілеу себебіміз, сол уақыт аралығында ешқандай жақсылық немесе тосын сыи келмейтіндігіне адамдар көз жеткіссін дейміз. Құраннан келтірілген аяттардың, сахих хадистердің және дін ғалымдарының сөздерінің барлығы жалған немесе ойдан құрастырылған екендігіне сендіру. Ешқандай да Исламның қасиеті мен құдіреті жоқ екеніне иландыру. Осы сияқты хаттарды белгілі мерзім аралықтарда әрдайым жіберіп тұрамыз. Мұсылмандардың көңілдерінде күдік ұялату арқылы имандарында сызаттар пайда бола бастайды. Ақидаралында сенімсіздік пен күдік пайда болуына септігін тигізеді. Иманы әлсіз діннен толық хабары жоқ жандар ойлана келе Исламның хақ дін емес екендігне күдік келтіре бастайды. Осылайша Аллаға деген сенімдері әлсірейді. Алла шынайы болса менің хатыма жауап берер еді дегендей сенімсіздік күдігі басым болады. Осы хаттар арқылы имандары әлсіреген мұсылмандарды бақылау және басқару оңайға соғады» деп жазылған мақалада.

Ал, күнделікті өмірімізде қайрымдылық атауын жамылған  спам компаниялары көбейіп кеткен. WhatsApp арқылы спам компаниялар спам-хабарламалар тарату арқылы пайда  табу көзіне айналдырған.  Қайрымдылық мақсатында жолданған хаттардың басым көпшілігі алаяқтыққа құрылған деуге болады. Хаттың қайдан шыққанын білу қарапайым адамдар үшін қиын. Алайда, құзырлы органдар оның түп-төркінін нақты анықтай алады. Сондықтан түсініксіз діни немесе смс-хабарламалар келсе, басқаларға таратпай, дереу өшіріп тастаған абзал.

Спам-хаттардың түр-түрі болады. Бірсыпыра адамнан қалта телефондарына WhatsApp арқылы біреуге көмек көрсетуді сұраған, Жаратқаннан дұға тілеуді өтінген, дінді насихаттауды бұйырған сан алуан мазмұнда смс-хабарламалар келетіні белгілі. Бір қызығы смс-хаттардың бәріне ортақ шарт – мейлінше адамдар арасында көптеп тарату. Жазбаларда Алланың аты аталып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шәріптері мысал келтіріліп соңына осы хатты 10 адамға жіберсең Алла саған тосын сыи жіберіді. Ал, бұл хатты елемей өшіріп тастасаң қайғылы оқиғаға тап боласың дегендей сөйлем қосылып үркіту-қорқыту арқыды адамның психологиясына әсер етеді.

WhatsApp-та таралып жүрген діни мазмұнға ие хаттарға Қазақстан діни басқармасының еш қатысы жоқ. Құзырды органдардың айтуынша, кейінгі кезде радикалды діни топтар үгіт-насихаттарын интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланып жүргізуге көшкен. Радикалды діни топтар өздерінің қатарына жамағат тарту үшін уағыз-насихаттарын ашық жүргізе алмауы себепті (заңмен тыйым салынған) әлеуметтік желілерді белсенді қолдана бастады. 2017 жылы еліміздің 11 тұрғыны  WhatsApp арқылы терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған. Кейбір «хаттарда» ұлтаралық, дінаралық, әлеуметтік жан-жал туғызатын, билікке қарсы қоятын, тарихымызды теріс сипаттайтын белгілері бар. Сол себепті барлық пайдаланушылар өздері жазбаса да «сақтау және тарату» баптарымен жауапкершілікке тартылу мүмкін.

Иә, мұндай смс-хаттардың қандай мақсатты көздейтінін дөп басып айту қиын. Бір анығы, алаяқтық болсын, радикалды діни топтардың теріс уағыз-насихаттары болсын, жауапкершіліктен жалтара алмайды.

Технологияның дамаған дәуірде қандай жолмен келседе осыған ұқсақ хаттар мен материалдарға сенбей ешкімге жібермей өшіріп тастау керек. Ешкіммен бөліспе.  Бұл хаттардан сізге келіп кетер еш пайда да зиянда жоқ. Таратпасаң күнә болмайды. Қайғылы немесе жолып жабылып қалады денен түсініктен аулақ болу керек.  Осыған ұқсақ хаттардың барлығын бұғаттап немесе жойып таста. Жеңіл сауапқа кенелемін деп ойлап, Ислам дінінің қас жауы әрі дұшпандарының сойылын соқпайық ағайын.

Қызық дерек: 
Күн сайын әлемде WhatsApp арқылы 30 миллиард хабарлама жіберіледі;

  • Күнделікті 200 миллион дыбыстық хабарламалар жіберіледі;
  • WhatsApp мессенджерін әрбір қолданушы орташа есеппен аптасына 195 минут пайдаланады;
  • Орташа есеппен әрбір қолданушы күніне 23 рет WhatsApp-қа кіреді;
    Қазіргі кезде онлайн қызметтің 800 миллион белсенді қолданушысы бар;
  • WhatsApp платформасына күн сайын 1 миллион адам тіркеледі;
  • Күн сайын 700 миллион сурет жіберіледі.

Ғалымжан Тәжібай

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.