Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Орта Азияда 120 мың адамдық мешіт ашылады

0 1  194

Таяу уақытта Орта Азияда ең үлкен мешіт құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Бұл мешітте бір мезетте 120 мың адам намаз оқи алады, деп жазады Ansar.ru.

Тәжікстанда жүзеге асырылып жатқан жаңа орталық мешіт құрылысы республика президентінің тікелей қолдауымен 2009 жылы басталған. Нысан құрылысының жобасын Тәжікстан мен Катар елдерінің тәжірибелі мамандары әзірлеген. Тәжік халқының көне және қазіргі заманға сай элементтерін және әлемдік сәулет құрылысын есепке алған мешіттің әрқайсы 75 метрлік 4 мұнара және 47 метрлік күмбез, тағы 20 үлкен және кіші күмбездері бар.

Орталық мешіт Душанбенің солтүстік аймағында 12 гектар алқапта орналасқан. Кешенде кітапхана, музей, акт және қонақтарды күту залы бар. Қазіргі уақытта құрылыс басында 300-ден аса республиканың және шетелдік мамандар жұмыс жүргізуде. Құрылыстың 70 проценті аяқталған.

Орталық Азияның ең үлкен мешіті 2019 жылы тамыз айында ашылады деп жоспарланған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.