Take a fresh look at your lifestyle.

Мейрімді қаланың мейрімді жандары

0 362

«Астана – мейірімді қала!» акцияның басталғанына көп болмаса да ауқымы күннен-күнге ұлғайып, елордалықтар тарапынан қызу қолдау тауып үлгерді. Желтоқсанның соңғы аптасында Арқаны аяз буып тұр. Алдағы күндері түнде -35-45, күндіз -27-35 градус аяз болады деп күтілуде. Дегенмен табиғаттың тосын мінезіне қарамай, жақсылық жасауға асыққан жандар көп.

«Оң қолыңмен бергеніңді сол қолың көрмесін» дейтін ұлттың ұрпағымыз.«Астана – мейірімді қала» жоба аясында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіт имамдары мен қызметкерлері Арқаның үскірік желі мен аязында өз жұмыстарын үзіліссіз атқарып жүрген  қоғамдық жұмысшыларға ыстық тамақ пен сусын таратып, қоршаған ортаға жасаған еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.

Осы орайда, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіт имамдары намазға жиылған жамағатты жақсылыққа үлес қосуға шақырып, ауа райының қолайсыздығына байланысты көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық таныту сауапты іс екендігі түсіндірілді.

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.