Take a fresh look at your lifestyle.

80 жастағы қария өлім алдында исламды қабылдады

0 87

Роланд Леонард есімді 80 жастағы бельгиялық қария Түркияға 15 жыл бұрын көшіп келген. Қария қайтыс боларынан аз ғана уақыт бұрын исламды қабылдаған. Бұл туралы Yeni Şafak ақпарат көзіне сілтеме жасап Ansar.ru хабарлады.

Ол Түркияға қоныс аударған уақыттан бері жергілікті халықтың мәдениеті мен дәстүріне бейімделіп, көршілерімен жақын достық қатынас орнатқан екен.  65 жасында зейнетке шыққаннан кейін Роланд Түркияға көшу туралы шешім қабылдайды. Бельгияда бұрынғы әйелі мен балаларын қалдырған ол Түркияның Измир қаласы Сельчук ауданына табан тірейді. Роланд Леонард көптеген достар табады.

Осыдан екі ай бұрын қария жақын танысына ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізген көрінеді. Бұл хабарға қуанған түріктер оның арманын орындауға жағдай жасайды. Жергілікті мүфтиді қарияның үйіне шақырып, жақын таныстарының ортасында кәлима шахадатын айтқызып, Роланд исламды қабылдайды. Бұдан соң өзіне Хасан есімін алған.

Қария осы кездері ұзақ уақыттан бері өзіне жабысқан дертпен күресіп ауруханаға емделіп жүрген еді. Өмірінің соңғы күндерін үйінде өткізген ол достарына өлім алдында өзін мұсылманшылықпен жерлеуді өтініш қылып қалдырады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.