Take a fresh look at your lifestyle.

Қожа Ахмет Яссауи жайында сериал түсірілмек

0 300

Түркістан облысының басшылығы осы аймақта өмір сүрген ұлы тұлғалар жайында, тарихи оқиғалар турасында бірнеше киноөнімдер шығаруды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Оңтүстікфильм» және «Сақ» киностудиялары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бағыттар бойынша бірнеше жобалар даярлаған. Атап айтқанда, «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» және «Төле би» фильмінің 10-сериясы түсірілген.

Хабарламада «Биылғы жылы Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында көрсетілген бағыттарға сәйкес «Қожа Ахмет Яссауи» телесериалы, «Әл-Фараби» көркем фильмі және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» атты анимациялық фильмдер түсіріледі» деп айтылған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.