Take a fresh look at your lifestyle.

ҚМДБ заңгері Түркістанда арнайы кеңес өткізді

0 67

Түркістан облысында “Мешіттерде ашықтылық пен заңдылықты қалыптастыру” атты тақырыпта арнайы кеңес өтті. Оған ҚМДБ заңгері Сағиджан Дəулетияр мен өкіл имам арнайы қатысты. Жиында дін қызметкерлерінің тұлғалық келбетін талапқа сай қалыптастырып, біліктіліктерін жетілдіру қажеттігі сөз болды. 

Атап айтқанда, ақшам мен құптан намаздарында мешіттерде болған-болмаған имамдар анықталды. Еңбек заңы бойынша қызмет тəртібін сақтамайтын имамдар мен молдаларды қызметінен босату, бұйрықта бар, жұмыста жоқ қызметкерлерді босату мәселесі қаралды. 

Түркістан қаласында білімді əрі жігерлі діни кадрлар жетіспейді. Имамдардың 90 пайызы сыннан нәтиже шығаруларына тура келеді. Мешіттердің құжаттарын реттеу мәселесі де назардан тыс қалмады. 

Жалпы имамдардың талапқа сай киінбеуі, Мүфтияттың меншігіне заңдастырылмаған мешіттерде намаз оқу – заң бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс уақытында орнында болмайтын, жиналысқа шақырса келмейтін имам-молдалар жұмыстан шеттетілді. Діни басқарма заңгері Сағиджан Дəулетияр имамдарға дінмен қатар құқықтық сауаттылықтарын арттыру қажеттігін қатаң ескертті. Сондай-ақ, жамағатпен тығыз байланыс орнатып, уағыз-насихатты үдетуді тапсырды. Имамдарды қоғамдық пікір-талас пен саяси мәселелерге араласпауға шақырды. Дін қызметкерінің міндеті – дін насихаты екенін қадап айтты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.