Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАЙЛЫҚТАН БАСТАРТҚАН БІРІНШІ АДАМ

0 1  895

Ғибыратты әңгіме

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаралымен бірге сұхбаттасып отырған кезде үстіне ескі қысқы киім киген кісі кіріп келеді. Ислами әдеп бойынша атағы мен дәрежесіне қарамастан сырттан келген кісі қай жерде бос орын болса сол жерге жайғасады. Іште отырғандарға ыңғайсыздық тудырмас үшін жасалатын әдеп бұл да.

Олар байқамай сол өлкенің ең бай кісінің жанына отырып қалады. Жанына киімі жұпны кедей кісінің отырғанын байқаған бай етек-жеңін жинап кішкене ысырылып ұзақтау отырады. Мұны көрген пайғамбар (с.ғ.с.) әлгі байға қарап былай деді.

– Кедейлігінен бір нәрсе жұғып кетеді деп қорықтың ба?, – дейді.

– Жоқ уә пайғамбар.

– Байлығыңнан бір үлес бөлініп кетер деп қорықтың ба?, – дейді.

– Жоқ, уа пайғамбар.

– Киімдерің кірлеп қалады деп қорықтың ба? – дейді.

– Жоқ, уа пайғамбар.

– Олай болса неге оның жанынан сырғып қаштың? – дейді.

– Істеген ісіме өкініп, қателігімді мойындаймын. Жасаған қателігім мен  күнәмнің кешірілуі үшін бар байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма беруге дайынмын, –  дейді бай.

– Мен сенің байлығыңды қабылдайалмаймын, – дейді кедей кісі.

– Не үшін байлықтан бас тартасың, –  деп сұрайды жамағаттан бірі.

– Өйткені бір күні байлықтың буы ұрып кірленіп бір мұсылман бауырыма мына кісінің істеген қателігін қайталаймын ба деп қорқамын, – дейді кедей тақуа мұсылман.

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.