Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ГАЛСТУК ТАҒУ ХАРАМ БАР?

0 1  456

Askar Sabdin суреті.

Галстук тағу мұсылманға жараспайды, дұрыс емес деген сұраққа пост жазамын деп уәде бергенмін, соны орындайын.

Мәшһүр фиқһ қағидасы الأصل في الأشياء الإباحة дейді. Галстук тақпаңдар деген бірде бір насс (діни мәтін) жоқ.
Галстук діни киім емес من تشبه بقوم فهو منهم үкіміне кіретін. 
Тіпті ол киім де емес, ол аксесуар, ол киілмейді, тағылады.

“Либас” киім болмағасын ол галстук таза табиғи жібектен болсада оны тағу еркектерге рұқсат деп қазіргі ғалымдар пәтуа берген.

عن سويد بن غفلة أنَّ عمر بن الخطَّاب -رضي الله عنه؛ خطب بالْجَابِيَةِ فقال: “نَهَى نَبِيُّ اللهِ -صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ- عَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ إِلا مَوْضِعَ إِصْبَعَيْنِ أَوْ ثَلاثٍ أَوْ أَرْبَعٍ”.. رواه مسلم

Себебі, Имам Муслимнің Омардан (رضي الله عنه) жеткізген xадисте былай денілген: “Алланың елшісі (صلي الله عليه وسلم), (ені) 2, 3 немесе 4 еліден асатын жібек киім киюден тыйған”. Галстуктың ені көбінесе сол 4 саусақтан аспайды, аспағасын Пайғамбарымыздың жібекке байланысты тыйымына кірмейді.

Осы xадиске қоса, атақты xанафи ғалымы Касанидің жібек аксесуарларға (сәлде, ту, тақия секілді) байланысты шығарған “макруһ емес” үкімін келтірген қазіргі ғалымдар:
قال العلامة الكاساني: [فإن كان قليلًا كأعلام الثياب والعمائم قدر أربعة أصابع فما دونها لا يكره، وكذا العلم المنسوج بالذهب؛ لأنه تابع والعبرة للمتبوع، ألا ترى أن لابسه لا يسمَّى لابس الحرير والذهب، وكذا جرت العادة بتعمم العمائم ولبس الثياب المعلمة بهذا القدر في سائر الأعصار من غير نكير فيكون إجماعًا، وكذا الثوب والقلنسوة الذي جعل على أطرافها حرير لا يكره إذا كان قدر أربعة أصابع فما دونها لما قلنا، ورُوِي: “أن النبي عليه الصلاة والسلام لَبِسَ فَرْوَةً وَعَلَى أَطْرَافِهَا حَرِيرٌ”. 
“بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع” (5/ 131، ط. دار الكتب العلمية)

Жалпы киімге байланысты төмендегі xадисті естен шығармау керек:
عن ابن مسعود رضي الله عنه، عن النَّبي صلى الله عليه وسلم، قال: (لا يدخل الجنَّة من كان في قلبه مثقال ذرَّة من كبر! فقال رجل: إنَّ الرَّجل يحبُّ أن يكون ثوبه حسنًا، ونعله حسنة؟ قال: إنَّ اللَه جميل يحبُّ الجمال، الكبر: بطر الحقِّ وغمط النَّاس

Пайғамбарымыз: “Жүрегінде шаң тозаңындай тәкаппарлық болған адам жаннатқа кіре алмайды», – деді. Мұны естіген бір кісі: «Әр адам үстіндегі киімі мен аяқ киімінің жарасымды, әдемі болғанын қалайды ғой», – деді.
Сонда Пайғамбарымыз: “Расында, Алла көркем, әрі көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау мен өзгелерге мұрнын шүйіріп қарау” -деді. (Муслим)

Удр Караганда суреті.

Теолог-сарапшы
Askar Sabdin

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.