Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елбасы кеңесі: Жастық шағыңды босқа өткізбе

0 1  758

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды. Фейсбукте тараған мұрағаттық видеороликті ҚР Президентінің телерадиокешені жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді. Елбасының айтуынша, Қазақстанның жастары үшін барлық «есік те, жол да» ашық. Жастар бүкіл әлемдегі қатарластарыммен араласып, білім алуда, қалаған жерінде өмір сүруде.

«Сондықтан жастар жастық шақтарында ең алдымен іргелі базалық білім алуға ұмтылуы тиіс.  Жастық пен мүмкіншіліктерді қайдағы жоқ түрлі көңіл көтеруге жұмсамағаны жөн, олар содан кейін де келеді. Ең алдымен, олар білімді адам болуы тиіс. Өйткені, жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр. Адамдар арасындағы бәсекелестікте кім білімді болса сол жеңіске жетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жастар оқудан кейін қайда жұмысқа орналасса да кез келген жұмыста өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиістігін баса айтады. 

inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.