Take a fresh look at your lifestyle.

Бағзат Ақжол: Аллаға мойынсұну және адамгершілік (бейсенбі уағыз)

0 462

28 ақпан /Астана/ SUNNA.KZ/ – Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешінітде ақшам намазынан кейін «Аллаға мойынсұну және Адамгешiлік» тақырыбында уағыз айтылды.

Мешітімізде дәстүрлі түрде әр аптаның бейсенбі күндері тұрақты түрде ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, белгілі дінтанушы ғалымдар мен имамдардың қатысуымен уағыз айтылып келеді. Сол игі бастаманың негізінде осы аптаның уағызын «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бағзат Ақжол «Аллаға мойынсұну және Адамгершілік» тақырыбында танымдық һәм тағылымды уағыз-насихат айтты. Әр бейсенбі күндері нәпіл ораза ұстайтын жамағат үшін арнайы жайылатын дастархан басында, имам алда Режеп, Шағбан, Рамазан айларының да жақындап қалғанын айтып, мұсылмандардан көптен күткен қасиетті айларына деген дайындықты бастай беруге шақырды.

«Мысалы әлемде Ислам дініне кірмеген, басқа дін өкілдері болсын, тіптен Аллаға сенбеген кейбір адамдар да не бір керемет жаңалықтар ашып, артына даналықтар қалдырған. Неге? Себебі шексіз мейірімді Алланың ұлық жаратылысы адам баласына берген нығыметі. Жалпы адам баласына берген ортақ нығыметі – ол адамгершілігі. Ал сіздің бойыңызда адамгершілік, ізгілік болса, енді сіз мұсылман, момын мұсылман болсаңыз, Аллаға сонау рухтар әлеміде әлмисахтан берген уәдемізбен Алланың үкіметкен жолымен жүрсек, онда біздің мекеніміз – ИншАлла, жәннат! Біз өзіміз Аллаға мойынсұнамыз, иман келтіреміз, бірақ немкеттікке, енжарлыққа салынамыз, біле тұрып…», – деді білікті дін маманы Ақжол қажы Расулұлы. 

Аталмыш уағызға 50-ден астам жамағат жиналып, дастарханнан дәм татып, уағыз тыңдап қайтты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.