Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жақсылықтың жалғасы: Астанада тағы бір демеуші көпбалалы отбасыға үй алып берді

0 1  500
Жақсылық Жаса үрдісі елімізде біршама қолдауға ие болды. Астанада атын жалпақ жұртқа атағысы келмеген тағы бір демеуші көпбалалы отбасыға үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Астанада тағы бір көпбалалы отбасы мейірімді адамның демекшілік қолдауының арқасында пәтерге ие болды. З.Тілеуова — жеті баланың анасы. Кенже ұлының жасы бірде, үлкен қызы — 13 жаста. Балалардың бірі аутизммен ауырады. Екі баласына психологиялық дамудың тежеулігімен (ПДТ) ауырады. Үлкен қызы сегізінші сыныпта оқиды. Аутизммен ауыратын ұлы Көкталдағы арнайы мектепке барады. ПДТ диагнозы бар қызы №68 коррекциялық мектепте. Отбасының отағасының жұмысы жоқ» деп жазады көмектің бастамашысы Диана Салықбаева.

Оның айтуынша, «Хан Шатыр» ОСО маңайындағы уақытша баспанада тұрып жатқан. 15 шаршы метрлік аумақта үлкен отбасының жағдайы мәз болмағаны анық. Динара Салықбаваның айтып өткендей, демеуші кездейсоқ табылған. «Мен ол отбасыны іздеп тапқан кезде, олар уақытша баспана үшін төлейтін пәтерақы таппай, қиналып отыр екен. Осылайша, таныстарымды көмектесуге шақыра бастадым. Ақыры, аталған отбасыға үй алып беруді шешкен демеуші табылды. Ол кісі атын атағысы келмеді» дейді ол.

Демеуші алғашында мұқтаж отбасыға 6 млн теңге аударған. «Ол ақшаға жатақханадан бөлме ғана табылатынын естігеннен кейін әлгі демеуші ақшасын 10 млн теңгеге дейін өсіріп берді. Қазіргі уақытта жеті балалы отбасы Дәулеткерей көшесінде екі бөлмелі үйге ие болды. Үйге ие болғандарын естіген кезде балалар да қуаныштан көз жасына ерік беріпті» дейді спикер. Еске сала кетсек, Астанада бұдан бұрын белгісіз кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, оған жұмсалатын ақшаға көпбалалы отбасыға баспана алып бергенін хабарлаған болатынбыз.

kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.