Take a fresh look at your lifestyle.

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

0 194

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Палестина Елшісі Монтасер Әбу Зейд мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Палестинаның мәдени, рухани салалар бойынша қарым-қатынасы, қазіргі мұсылман үмбетінің өзара ынтымағы мен бауырмашылдығы сөз болды. Басқосуда Бас мүфти Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген елдермен, оның ішінде Палестина мемлекетімен қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Өз кезегінде Монтасер Әбу Зейд Қазақстан егемендігін жариялаған сәтте қазақ халқын тәуелсіздікпен құттықтаған мемлекеттер ішінде Палестинаның болғанын тілге тиек етті.

«Біздің еліміздің басты байлығы – халықтар бірлігінде, ұлтаралық, дінаралық татулық пен келісімде. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алты дүркін съезін өткізіп, дүниежүзі халықтарын бірлік пен ынтымаққа, өзара достық пен бауырмалдыққа үндеп келеді. Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілікте», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Өз кезегінде дипломат Монтасер Әбу Зейд:

«Рас, Ислам – достық пен сүйіспеншілік діні. Біз исламофобия үрдісі белең алған қазіргі заманда тек адамгершілік пен мейірімділікке негізделген асыл дінімізді көбірек насихаттауымыз керек. Сондықтан, Исламды қаралау ниетімен жасалған кез-келген әрекетке тосқауыл болуымыз керек», – деген пікірін жеткізді.

Кездесу соңында дипломат Дінбасына Палестинаға ресми сапарға шақырды.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.