Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қасиетті күн – қайрымдылық күні

0 1  561

Астана/ 8-наурыз/ SUNNA.KZ/ – Ережеп айының алғашқы күні және күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні 100 отбасығы қайрымдылық шарасы жасалды.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, және демеуші азаматтардың қолдауымен әлеуметтік  жағдайы төмен, мүгедек және көп балалы 100 отбасыға қайрымдылық көмек көрсетілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) азық-түлік пакеті үлестірілді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны көктемнің алғашқы күндерінде және мереке қарсаңында берілуі жомарт жандардың көмегімен кешкі дастархынымыз түрлі тағамдармен толығатын болды дей келе, құлшылық ордасының қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.