Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ОН ОТБАСЫ ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ (ФОТО)

0 1  189

Ережеп айының келуі – қаситетті Рамазан айы таяп қалғандығын еске салатын ай. Бұл айда мұсылмандар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға дайындалады.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйытқы болуымен және демеуші азаматтардың қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.  Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған он отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті заттар салынған қайырымдылық пакеттер үлестірілді.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова уағыз айтып, жасалған садақаның қабыл болуын тіледі.  

            «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.