Take a fresh look at your lifestyle.

Монғолия мен ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС меморандумға қол қойды

0 115

Кеше Қазақстанға арнайы іссапармен келген Монғолия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Батырбек Хадыс мырза ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөліміне қарасты «Халал Даму» ЖШС-мен «Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға» қол қойды.

«Халал» индустрия саласында бірлескен бастамаларды негізге ала отырып,  тығыз ынтымақтастықты дамыту, екі жақты қатынастарды нығайту, білікті мамандар даярлау мақсатында шет едік және отандық тәжірибиелермен бөлісу секілді жұмыстарды қолға алу көзделіп отыр.

Қоғамды халал аспен қамтамасыз ету және халал индустриясын дамытуда бірлесе ықпал жасауды мақсат еткен әр мекеме басшылары өз құзыреттері шеңберінде бірлескен жобаларды жүзеге асыратынын жеткізді.

Кездесу соңында екі жақ ынтымақтастық меморандумына қол қойып, құжат алмасты. 

Тараптар қабылданған қарар аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар өткізілетін болады деп жоспарлануда.     

muftyat.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.