Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: ӨШПЕНДІЛІК ПЕН ӨКТЕМДІК АДАМДЫ ӨСІРМЕЙДІ (ФОТО)

0 1  180
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен кездесуінде осылай деді.

Жастарға дәріс оқыған Бас мүфти: «Халқымызда: «Кең болсаң, кем болмайсың», – деген нақыл сөз бар. Кеңпейілдік – көркем мінездің бір сипаты. Сіздерге өмірлік тәжірибемнен айтайын: өшпенділік пен өктемдік адам баласын ешқашан өсірген емес. Сондықтан, кеңпейіл, көпшіл, бауырмал болуымыз ләзім. Бұл – күллі пайғамбарлар салған сара жол», – деп атап өтті.

Серікбай Сатыбалдыұлы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж директоры Саят Нұрланұлына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын, ал студенттерге «Тәпсір тұнығы» еңбегін сыйға тартты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер көкейтесті сауалдарына жауап алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.