Take a fresh look at your lifestyle.

ҚМДБ: УАҒЫЗ-НАСИХАТТЫҢ САПАСЫ МЕН САУАТТЫЛЫҒЫ СӨЗ БОЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

0 381
Елордада ҚМДБ-ның Бас кеңсесінде Республикалық ақпараттық насихат тобының жалпы жиналысы өтті. Жиынға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Қоғамдық келісім комитетінің өкілі Нұрғали Қабылов, ҚМДБ бөлім басшылары мен РАНТ мүшелері қатысты.

Жиын барысында РАНТ-қа үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде діни сауалдардан бөлек, тарих, әдебиет пен мәдениетке бағытталған сұрақтар болды. Сондай-ақ РАНТ-қа енді мүше боп кіргендер ауызша емтиханнан өтті. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұл тест өз кезегінде елдегі имамдардың біліктілігін жетілдіріп, жан-жақты болуға ықпал ететінін атап өтті.

«Бұл, біріншіден, елдің алдына шығатын азаматтардың деңгейін өсіреді. Елімізде дін саласында мықты мамандар жетерлік. Жыл сайын «Нұр-Мүбәрак» университетін көптеген түлектер бітіріп, диплом алуда. Шетелден діни кадр алдыруға мұқтаж емеспіз», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Кездесу барысында РАНТ жұмысы, уағыз-насихаттың сапасы мен сауаттылығы жан-жақты талқыланып, атқарылған іс-шаралар есебі пысықталды. РАНТ құрамына қабылданған дін қызметкерлеріне арнайы куәлік табысталды.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.