Take a fresh look at your lifestyle.

Халықаралық конференция аясында бірнеше секциялық отырыстар өтті (ФОТО)

0 152

Елорда төріне Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мұсылман дінбасылары мен ғұламаларының басын қосқан  IV Халықаралық діни-ғылыми конференция жұмысы ашылу салтанатынан соң бірнеше секциялық отырыстарға жалғасып, шетелдік және еліміздің білікті ғалымдары ортақ ой қорытты. Алғашқы секция отырысы «Мұсылмандар діни басқармасындағы жастар саясатына» арналып, көршілес мемлекет өкілдері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға дұрыс діни білім беріп, экстремизм мен терроризм қаупінен сақтандыру жолдары талқыланды.

Діни қайраткерлер ғана емес, түрлі қоғамдық-діни ұйымдар өкілдері, психолог және зерттеуші мамандар, арнайы мекемелер қызметкерлері қатысып, жастар қауымына қатысты түрлі тақырыптарды қозғаған секциялық отырыстар бесін намазынан қайта жалғасып, «Мемлекеттік-конфессиялық саясат контекстінде жастарды әлеуметтендіру: сын-тегеуріндері және оның келешегі» және «Интеграция мен радикализация арасындағы жас мұсылмандар: дінді саясаттандыру факторы» тақырыбында екі маңызды басқосу болып өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтилері Бауыржан Есмахан мен Алау Әділбаевтар жүргізген қос отырыс барысында шетелдік және отандық дін қайраткерлерімен қоса, Ресей және Орта Азия елдерінің мемлекеттік органдарының және сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері қатысып, зерттеу нәтижелерінде түзілген баяндамаларымен бөлісті.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.