Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Тазалық – иманның жартысы» атты сенбілік өтті (фото)

0 1  884

Шуақты көктемнің келуімен еліміздің барлық аумағында сенбіліктер өтеп жатыр. Осындай игі шара «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, мешіт ауласы, іш-сырты түгелдей тазартылып, абаттандырылды. Аталымыш сенбілікке мешіт ақасақалдары, шәкірттер, қызметкерлер және мешіт жамағаты қатысты. Сенбілікке қатысушылар Алла үйінің ауласын тазалап, ағаштардың түбін ақтап шықты.

Мұсылман баласы қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғауға міндетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» – деп қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған.

Жылдағы үйрдіске айналған игілікті іске жамағат пен мешіт қызметкерлері белсенді қатысты.  

«Сәдуақас қажы Ғылмани»мешіттің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.