Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рүкуғқа бара жатқанда және қиямға көтеріліп жатқанда екі қолды көтеру мәселесі

0 1  354

Бұл  да  өте  көп  талас-тартыс  тудырып жүрген   мәселелердің   бірі.   Бұрын   намазъ оқушылар   Ханафи   мазһабымен   жүріп,   намаз басындағы тәкбір тахримадан басқа кезде қол көтермейтін-тұғын. Барлығы намаздарын алаңсыз, әркім шама-шарқына қарай оқып жүретін.

Кейіннен,   жоғарыда   айтып   өткеніміздей, фиқһи мазһабтарды, олардың негізі болған ұлы мүжтахид ғұламаларымызды мойындамай, өздерінше Құран және сүннетке амал қылуды және   басқалардың   да   өздеріне   еруін   дұрыс көретін   насихатшылар   пайда   болды.   Олар намазда   рукуғқа   бара   жатқанда   және   одан қайтып   жатқанда   екі   қолын   көтермеу, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне қарсы деп түрткілей   бастады.   Сондай-ақ,   пікірлерін қуаттау   үшін   хадис-шарифтерден   дәлелдер келтірді.   Міне,   сондайлар   өздерін   Ислам әлеміндегі   мың   жылдың   бір   үлкен   қатесін тапқандай,   Ханафи   мазһабымен   жүрген   жүз миллиондаған   адамды   Құран   және   сүннет жолына   салып   жатқан   қаһарман   сияқты сезінетіндей. Олар өздерінен өзгенің насихатын тыңдауды   ұнатпайтын.   Бұған   қосылмағандарды, қарсы шыққандарды Құран мен сүннетке қарсы шығушы деп білетін. Бірақ өздерінің ісі Құран мен сүннетке сай келе ме, жоқ па, ойға да алмайтын.

Негізінде,   осы   мәселелерді   көтеруіміз ескі талас-тартыстарды қозғап, мың төрт жүз жылдық   талас-тартыстардың   жарасын   қайта тырнап қанатқандай сезіледі. Намазда рукуғтан бұрын   және   тұрып   жатқандағы   қол   көтеру мәселесін   150-һижри   жылы   туылған   имам Шафиғи   мен   және   оның   замандастары   имам Ахмад ибн Ханбалдар (р.ғ) қозғаған еді. Бүгінгі күні   келтіріп   отырған   дәлелдерді   және   олар білмеген хадистер мен риуаяттарды міне, осы ұлы   мүжтахидтеріміз   келтірген   еді.   Арадағы айырмашылық   өткен   сәлафи   салихалылар қазіргілерге  ұқсап өз пікірлеріне қосылмағандарды Құран мен сүннетке қарсы шығуда деп айыптамайтын   еді.   Керісінше,   олар   өздеріне қарсылас   пікірдегілерді   де   Құран   және   сүннетке   сай   өздеріне   жарасымды   ижтихадтық жолмен   амал   қылушы   дін   бауырлары сипатында құрметтер еді. Егер бізде де біраз ғана ілім болғанында, бұндай ихтилафтар тумас еді. Өкінішке орай бізде не білім, не білімсіздігімізді   мойындауға   ынсабымыз  жеткіліксіз сияқты.

Келіңіздер,   ілімсіздігімізді   мойындай отырып   және   мұндай   қателіктерге   қайта ұрынбауымыз үшін бұл мәселені ілім жолымен қарастырып шығайық. 

Материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.