Take a fresh look at your lifestyle.

Әйел шәкірттер арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

0 458

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы биылғы жылды Мүфтият аясында «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Отбасының басты мәйегі – аналар. Осындай игі бастаманың негізінде және Исламдағы қасиетті түндердің бірі Бәрағат түні қарсаңында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың және «Аналар мектебі» клубының һәм әйелдер жамағатының ұлағатты ұстазтаздары Әлия Аусағатова мен Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен, әйел шәкірттер асында Құран жарысы өтті.

Аталмыш шараға ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева, Респулбикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Аягөз Жұмабекқызы, «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымаликқызы қатысып, жарысқа қазылық жасады.

Бас имам Нұрлан Бекболатұлы ашылу сөзінде аналардың отбасындағы асыл міндеттері және олардың діни һәм жан-жақты білікті болудың артықшылғы жайында уағыз-насихат айтты.

Құран жарысы үш кезеңнен, яғни «30-пара», «22 сүре», «10 сүре» жатқа оқу бойынша өткен жарысқа шәкірттер белсенді қатысты. «Аналар мектебі» клубының демеушілігімен жеңімпаздар қасиетті Құран Кәрім және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондайық, шара соңында ұстаздар мен қатысушыларға арнайы дастарқан жайылып, игілікті іс өз мәресіне жетті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.