Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘЙЕЛДЕР ДӘРІСІ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСУДА

0 3  477

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда. Дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізді. Аталымыш дәріс барысында «үш топ әйел» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Қазақша мағынасы:

Абдуллаһ бин Омардың (р.а.) айтуынша ХазіретіПайғамбарымыз (с.а.у.):

«Әйелдер үш топқа бөлінеді: Бірін-ші топтағы әйелдер қап секілді, құрсақ көтереді әрі босанады.Екінші топтағы әйелдер – жалқау әйелдер. Үшінші топтағыәйелдер – көңілді құрсақ көтеретін иман жүзділер. Күйеуінеиман тұрғысынан жәрдемші болады. Мұндай әйелдер күйеуіүшін қазынадан да қайырлы»  деген (Кәнзул-Уммал, хадис 44591).

Хадиске түсініктеме:

Адамдар әр түрлі қабілетте жаратылған. Осы шындықты Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былайша баяндайды: «Алла Тағала Адам атаны жер бетіндегі барша топырақтыңтүр-түрінен алынған бір уыс топырақтан жаратқан. Сондықтан адамдар әртүрлі қалыптасқан: кейбірі қара, кейбіріақ кейбірі сарғыш, кейбірі осылардың барлығына ортақ түстежаратылған. Мінездері жағынан да көңілді, тыңлы, жаман-жақсы қабілетте болуының себебі де осында жатыр». Бұл жайлы Хазіреті Омар (р.а.) Самура бин Жудептен риу-аят етілген сөзінде былай деген: «Еркектер де әйелдер де үшкебөлінеді. Әйелдерге келер болсақ; бір бөлімі арлы, иман жүздіжәне мейрімді әрі бала сүйетіндер. Қиын қыстау кезеңдердекүйеуіне сүйеніш болып, жәрдем береді. Бірақ, мұндайлардыңсаны өте аз. Екінші бөлімдегі әйелдер тек бала табудан басқаештеңе білмейді. Ал қалған бөлімдегі әйел болса өте жалқау әріістеріне салқын қарайды. Алла Тағала мұндай әйелді қалағанқұлына береді, қалаған кезінде ол әйелді күйеуінен ажыратыпалады». Жаман әдет пен мінез-құлықтың өзгеретіндігі жайлы аяттарда, көптеген ғалымдардың зерттеулерінде және тәжірибелеріндекөптеп айтылған. Сондықтан жағымсыз қылықтарымызданарылып, Алланың сүйікті құлы болуға тырысуымыз керек. Жанұядағы кез-келген мәселеде Алладан жәрдем сұрап,Оның әміріне мойынсұну керек. Адам баласының пешенесінежазылған тағдыры бар, яғни шектеулі өмірі бар. Уақыт келебұл берілген мерзім бітіп, о дүниеге аттанамыз. Үйлену, бәлкім,тағдырдың сылаң қағу жақтары шығар. Бір күні Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) үйленгісі келген біржігіт келіп былай дейді: «Уа, Алланың Елшісі! Үйленетін уақытым жетті, мағанлайықты қыз нәсіп ету үшін дұға жасайсыз ба? Хазіреті Пайғамбар: Егер саған Исрафил, Жәбрайл, Микайл және өзге періштелердұға қылса, мен де соларға қосылып дұға қыламын. Бірақ Алла Тағаланың сенің пешенеңе жазғанынан басқаға үйлене алмайсың» деп жауап береді.

 Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.