Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  457
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Францияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырзамен кездесті.

Ресми кездесуге ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтар қатысты.

Екіжақты кездесу барысында тараптар Қазақстандағы Ислам дінінің дамуы туралы әңгімелесті.

Өз кезегінде Ф.Мартинэ Түркістан қаласына 4 рет зиярат еткенін және Жаркент пен Ақыртаста болғанын жеткізді. Дипломат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жөнінде пікірін білдірді.

Сонымен қатар, Бас мүфти мен Елші жастарды деструктивті діни ағымдардың жалаң ұрандарынан сақтандыру, әлемдік дінаралық диалог пен келісімді нығайту, халық арасында терроризмнің кез-келген түріне төзбеушілікті қалыптастыру, т.б. мәселелер төңірегінде сұхбаттасты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрген Филипп Мартинэ дін қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, игі ниетін жеткізді.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.