Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

0 1  289
Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі оқу жылының соңына орай кешегі жексенбіде әйел шәкірттер арасында Құран жарысы болып өтті. осыдан бір апта бұрын арнайы іріктеуден өткен 50-ден астам қыз-келіншек Құран жарысының ақтық айналымында өз өнерлерін жамағат алдында паш етіп, өзара бақ таластырды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Бекет Гүлсара, Абдраманова Аягөз және Әлия Өмірбековадан дәріс алатын шәкірттер арасындағы сайыс қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес үшке бөлініп жүргізілді: 18-35 жас аралығы, 35-60 жас аралығы, 60 жастан асқандар. Сондай-ақ, қатысушылар өздерінің жатттаған сүрелерінің санына қарай «1 пара» (соңғы 30-пара), «Духа мен Нас сүрелері», «Фил мен нас сүрелері» аталымдары бойынша бақ сынап, жаттау қабілеті мен қырағаты, тәжуиді бойынша біліктіліктерін көрсетті. Үміткерлердің білім деңгейін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Бекет Гүлсара мен Өмірбекова Әлия, «С.Ғылмани» мешітінің ұстазы Аусағатова Әлия ұстаздардан құралған әділқазылар алқасы тексеріп, әділ бағаларын берді.

«30-пара» (60 жастан асқандар арасында)

1-орын – Исатай Ақжаңыл
2-орын – Шайзадинова Күләш
3-орын – Ибраева Алтын

«Духа – Нас сүрелері» (3560 жас аралығы)

1-орын – Темірболатова Марьям
2-орын – Байғозина Баян
3-орын – Жапан Злиман

«Духа мен нас сүрелері» (1835 жас аралығы)

1-орын – Қайрат Ділнур
2-орын – Құлахметова Бекзада
3-орын – Салықбаева Гүлнара

«Фил – Нас сүрелері» (3560 жас аралығы)

1-орын – Сейфуллина Жазира
2-орын – Тойжикова Әзиза
3-орын – Орманова Бибісара

«Фил – Нас сүрелері»  (18-35 жас аралығы)

1-орын – Сәтбұхамбетова Наргиз
2-орын – Берікқызы Диана
3-орын – Әріпжанова Ұлболған

Дереккөз: Muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.