Take a fresh look at your lifestyle.

Шағбанның шарапаты

0 257

Қаситетті Рамазан айы таяп қалғанда мұсылмандар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға асығады.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған он отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті заттар салынған қайырымдылық пакеттер берілді.

Аталмыш ізгі шара барысында, наиб имам Рахматулла Байменов елордалық көмекке зәру отбасыларына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді. Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова қайрымдылық шаралардың жалғасатындығын айтты.

  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

   

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.