Take a fresh look at your lifestyle.

Тегін дүкен ашылды

0 171

Қарағанды қаласынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ақсу-аюлы елді мекенінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған тегін дүкен жұмыс істейді.

Дүкен бүгінде отыздан аса отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіп отыр. Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентіндегі «Бақ» сауда үйінде ерекше дүкен бар. Дүкеннің ерекшелігі – мұнда сатушы да, сатып алушы да болғанымен, тауар тегін. Аудандағы аз қамтылған, көп балалы, мүгедек баласы бар және басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар осы дүкеннен азық-түлік, киім-кешекті ешқандай төлемсіз ала алады.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобаларының аясында Шет ауданында ашылған әлеуметтік дүкенді бірегей дүкен деп айтуға болады. Бұл – көпбалалы, аз қамтылған, көмекке зәру немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін көмектің бірі. Бізде қор, ықылас болғандығының арқасында жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе белсенді түрде осы үрдіске қосылып жұмыс жасап жүрміз», — дейді Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Дүкен Шет ауданы әкімінің бастамасымен және «Ақтілеу» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылды. Қорға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер киім-кешек, үйге қажетті тұрмыстық заттарды әкелсе, қарапайым жанашыр азаматтар қаржы құйып, осы ақшаға тұрғындарға қажетті азық-түлік сатып алынады. «Бақ» сауда үйінің иесі дүкенге арналған аумақты тегін ұсынған. Дүкендегі тауарлар аудандық жұмыспен қамту бөлімі бекіткен тізімге сәйкес көмекке мұқтаж жандарға үлестіріледі.

baq.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.