Take a fresh look at your lifestyle.

Президент Рамазан айының басталуымен құттықтауы

0 358
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.